Бiздiң мақсат
Департамент қызметінің мақсаты Қарағанды облысы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін іске асырудағы азаматтар мен қоғамның заңды құқықтарының бұрмалаушылықтарын болдырмау, сонымен қатар, жоба және құрылыс өнімдерді тұтынушылардың мемлекеттік құқықтары мен мемлекеттік мүдделерін қорғау, құрылыстың сенімділігі мен қауіпсізідігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бiздiң міндет
Департаменттің негізгі міндеті сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларын, әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарын мемлекеттік игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі және басқа жобалық құжаттамалардың белгіленген тәртібінде бекітілген мемлекеттік нормативтердің сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету болып табылады;
Осыған байланысты, департаментке келесі қызметтер жүктеледі:
- объектілердің құрылыс сапасына тексеріс жүргізу жолымен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру;
- құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру;
- салынып жатқан (салынуға жоспарланған) объектілердің мониторингі;
- бұзушылыққа жол берген немесе жіберген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамалармен белгіленген шараларды қабылдау;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жобалау-іздену, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, құрылыс материалдарды, өнімдер мен құрылымдарды өндіру бойынша жұмыстарды лицензиялауды жүзеге асыру.
Департамент қызметкерлері салынған әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп төлету туралы істер бойынша сот отырыстарына қатысады. Бұған қоса, департаменттің қызметкерлері Қарағанды облысы тұрғындарының азаматтық істері бойынша куәгер ретінде сот отырыстарына тұрақты қатысады.
Департаменттің мамандары прокуратура органдарымен, қаржы полициясымен, ҰҚК-мен, ІІБ-мен және қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесе отырып құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына және заңдылығына тексеріс жүргізуге тұрақты қатыстырылып отырады, сондай-ақ, объектілерді пайдалануға беруді қабылдау жөніндегі комиссия жұмысына қатысады.



